Корей алфавиті Дауыстылар: ㅏ- а ㅑ- я ㅓ- о ( «о» мен «а»ның арасында айтылады) ㅕ- ё ㅗ – о ( «о»мен «у»дың аралығында оқылады) ㅛ – ё (йо,ерінді созыңқырап , ерінді бантик секілді етіп , барынша жабық айту керек) ㅜ - у ㅠ- ю ㅡ - ы Дифтонгтар: ㅣ- и ㅐ- э ㅒ- е ㅔ- э ㅖ- е ㅘ - ва ㅙ - вэ ㅚ-вэ ㅝ- во ㅞ- увэ ㅟ- ви ㅢ- ый *Корей тілінде В әріпі жоқ болғандықтан дыбыстар уе және вэ дыбыстарының аралығында оқылады. Дауыссыздар ㄱ- киёк (г, к) ㄴ- ниын (н) ㄷ- тигыт (д, т) ㄹ- риыль (р, л, ль) ㅁ- миым (м) ㅂ- биып (б, п) ㅅ- щиот (с, щ) ㅇ- иынг (нг (ng)) – сонымен қатар , егер сөз дауысты дыбыстан басталса , дауысты әріптің алдына міндетті түрде иынг қойылып жазылады. ㅈ – джиыт (дж) ㅊ- чиыт (ч) ㅋ- кхиык (кх) ㅌ- тхиыт (тх) ㅍ- пхиып (пх) ㅎ- хиыт (х) ㅊ ㅋ ㅌ ㅍ – туынды дауыссыздар болып саналады , бұл әріптерㅈ ㄱ ㄷ әріптерінен туындаған . ㅇ ㅎ – дыбыссыз дауыссыздар Қосарлама дауссыздар: ㄲ – ссанг киёк (к) ㄸ- ссанг тигыт (т) ㅃ- ссанг биып (пп) ㅆ – ссанг щиот (с) ㅉ – ссанг джиыт (ц) *Айтпақшы, «ссанг» 쌍 –"жұп" немесе айтқанымыздай қосарлама деген мағынаны білдіреді*